Добро пожаловать на сайт
Жекзазганского историко -археологического музея

.

«Жезқазған тарихи-археологиялық музейі көрме залымен» КМҚК

 

 

Жезқазған тарихи-археологиялық музейі /облыстық тарихи-өлкетану музейі / 1978 жылы 10 мамырда Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің шешімімен Жезқазған кен-металлургия   комбинатының тарихи-өндірістік мұражайының негізінде құрылған.1988 жылы Жезқазған облысының көне заманнан қазіргі кезеңге дейінгі табиғаты мен тарихын бейнелейтін  тұрақты экспозиция ашылды. Облыстың таратылуына байланысты 1997 жылдың 4 маусымынан бастап музей тарихи-археологиялық болып аталды. 2017 жылдың 16 қаңтарында  Қапарова Раушан Оңқонысқызы «Жезқазған тарихи-археологиялық музейі көрме залымен» КМҚК-ныңбасшысы ретінде тағайындалды.

Жалпы аумағы – 1202,2 ш.м, оның ішінде 940,3 ш.м. негізгі ғимарат, көрме залы – 261,9 ш.м., 1-ші және 2-ші қабаттарда орналасқан экспозиция – 413,2 ш.м., көрме залының экпозициялық аумағы – 151,5 ш.м., мәжіліс залы – 55,2 ш.м. аумақты құрайды.

Ғимараттың жертөлесінен археологиялық жәдігерлер, палеонтологиялық жәдігерлер, тастар мен минералдар, этнографиялық жәдігерлер, тері материалдары, ағаш, ХХ ғ. 50-70жж. тұрмыстық заттары, құжаттар, кітаптар мен мұрағат құжаттарын сақтау үшін 129,2 ш.м. аумақ берілген.

Музейде  15 ғылыми қызметкер өлке тарихы және музейтану мәселелері жайында ғылыми ізденістермен айналысады, ал 4 суретші экспозициялық және көрмелік жұмыстарды жоғарғы деңгейде орындайды.Жезқазған тарихи – археологиялық музейінің құрамында  5 бөлім жұмыс атқарады:

·     Тарих және археология бөлімі;

·     Экспозиция бөлімі;

·     Қор сақтау бөлімі;

·     Экскурсия-бұқаралық бөлімі;

·     Көркем-көрме бөлімі.

 2017 жылдың I жартыжылдығында музейдегі жәдігерлер саны 50 мыңнан асты.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында Қазақстанда алғаш рет музейлер арасында «Ең үздік музей» атты республикалық байқауды өткізді. Аталған байқаудың «Үздік мемлекеттің музей» (аудандық (қалалық) дәрежедегі) номинациясы бойынша Жезқазған тарихи-археологиялық музейі жеңімпаз атанды.

 

Байланыстар:

 

Мекен-жайымыз:

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы, 22, «Жезқазған тарихи-археологиялық музейі көрме залымен» КМҚК

 

Телефон:

Басшының қабылдау бөлмесі: +7 (7102) 737753

Басшы: +7 (7102) 737204

 

Сайт:http://www.zhezmuzey.kz/

Facebook: http://www.facebook.com/zhezmuzeum.kz

E-mail:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Рухани жаңғыру

 

Памятка