Добро пожаловать на сайт
Жекзазганского историко -археологического музея

.

 жасаумен басталды. Музейдің мәжіліс залында жиналғандар назарына Кәкімбек Салықұлының өмірі жайлы деректі фильмінен үзінді көрсетілді. Іс-шараға кейіпкердің ұлы –Ерлан Кәкімбекұлы, қаламызға танымал тұлғалар, шығармашыл зиялы қауым өкілдері, қаламыздың құрметті азаматтары, бұқаралық-ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. «Айгөлек» балабақшасының кішкентай бүлдіршіндері Кәкімбек Салықұлының "Жұлдызың жансын, Астана" өлеңін оқыды. Шара барысында музей қызметкерлері Еркебұлан Камалиев («Сырымды жанға айтпаған айтады өлең») пен Қолқанат Искендирова («Өмір сыры») ақынның өлеңдерін оқыды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Республикалық «Жігер» фестивалінің, Республикалық Әміре Қашаубаев атындағы байқаудың жүлдегері, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, Т.Қалмағамбетов атындағы филармонияның әншісі Ғалым Мұхамедин «Жезкиік» (сөзін К. Салықов жазған) әнін нақышына келтіріп орындап, қатысушылардың ыстық ықыласына бөленді. "Бір суреттің тарихы" айдарында кезінде Кәкімбек Салықұлымен бірге суретке түскен белгілі өлкетанушы, Жезқазған қаласының құрметті азаматы Сағындық Қожамсейітов; Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, қалалық Аналар кеңесінің төрайымы – Зинаида Чумакова; №7 мектеп-лицейінің директоры – Нұрия Жұмажанова өздерінің естеліктерімен бөлісті. Жергілікті сазгер, Жезқазған гуманитарлық-педагогикалық институтының директоры Бауыржан Әбиев "Сағынтпа" (сөзін К. Салықов жазған) әнімен іс-шараны аяқтады. Қосымша мәлімет: К.Салықов Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл ту орденімен, Халықтар достығы орденімен, көптеген медальдармен марапаталған. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.