Қарағанды облысының мәдениет басқармасы
«Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы көрме залымен» КМҚК

 

Жезқазған – жер шарындағы бақ дарыған өлке, мұнда табиғат барлық пайдалы қазба байлықтарды үйіп-төгіп, шоғырландырған.

Қ.И.Сәтбаев

 

Жезқазған кен орындарының даму тарихы

 

Көне заманнан бері белгілі болған Жезқазған кен орнында ертеде 2 млн.тонна мыс өндірілген.Жезқазған туралы тарихи деректер XVIII – XIX ғғ. орыс ғалымдары, саяхатшылары және кен инженерлерінің зерттеулеріндекездеседі. 1847 жылы орыс көпесі Никон Ушаков Жезқазған жерін жергілікті байлар ШияқТоқбергенұлы мен Бабыр Бөкеншіұлынан 400 сом күміс ақшаға сатып алады. 1891 жылыағайынды Рязановтар иелігіне көшкен бұл кенді орындар 1904 жылдан 1919 жылға дейін ағылшын концессионерлерінің қолында болды. 1919-1925 жылдары Жезқазған консервацияда болды.1926 жылы Қарсақбайға келген жас геолог Қаныш Сәтбаев Жезқазған жерінде тұрақты барлау жұмыстарын жүргізуді өз қолына алды. 1931 жылы Жезқазған мыс қоры көлемінен КСРО-да 1-ші орынға шықты. 1938 жылы10 ақпанда жылына 200 мыңтонна мыс өндіретін жаңа Жезқазған комбинатыныңқұрылысын бастау туралы №50 тарихи бұйрықшықты.Сонымен қатарбайыту фабрикасы, мыс зауыты, жылу-электр орталығы, су қоймасы және сол кезде жоспарланғандай,50 мыңхалқы бар қала құрылысын салу қажеттігі туды.1936 жылы 14 мамырда «Главцвет»                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       комиссиясы Кеңгір өзенінің  Досмырза сағасында су қоймасын және қала салу ыңғайлы деген шешімге келді.

         

Қаланың қалыптасуы

 

1950 жылы Үлкен Жезқазған атты жұмысшы қалашығында 14 мыңхалық болды.1954 жылы 20 желтоқсанда ҚазақКСР Жоғарғы Кеңесі ПрезидиумыныңҮлкен Жезқазған қалашығы облысқа бағынатынқала болып қайта құрылып, ол қалаға Жезқазған аты берілуі туралы тарихи шешімі дүниеге келді.Жылдар өте келе кенді қала Жезқазған еліміздіңірі өнеркәсіпті қалаларыныңбіріне айналды.

 

Қазақмыс

 

1958 жылы құрамына өндірістік желінің барлық мекемелері енген Жезқазған кен-металлургиялық комбинаты құрылды. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан «Қазақмыс» корпорациясының басты өнімі катод мысы мен мыс ширатпалары әлемдік стандарт талабына сай, сондықтан оны дүниежүзінің көптеген елдері зор ықыласпен сатып алуда. Жезқазған кенінің құрамында мыспен қатар қорғасын, күміс, рений және басқа да сирек элементтер, тіпті алтын да кездеседі.

 

Жезқазған – ғарыш айлағы

 

         1973 жылы қазанда Жезқазған алғаш рет КСРО ғарышкерлері О.МакаровжәнеВ.Лазаревтіқарсы алды. Қаланың Құрметті азаматы атанған 56 ғарышкер Жезқазған жеріне қонған. Қалада Гагарин көшесі бар, Ғарышкерлер бақжолында Даңқ аллеясы, «Ғарышты бағындырғандарға» арналған ескерткіш те бар.

 

Кеңгір су қоймасы

 

Кеңгір су қоймасы 1952 жылы  салынған. Ұзындығы 33 км, енділігі 1700 м, орта тереңдігі 8 м,  ең үлкен  тереңдігі 25 м. 1958 жылы алғаш 10000 балық су қоймасына жіберілді.

 

 

Қаланың әлеуметтік-тұрмыс және мәдени өмірінде жоғары және орта, арнайы оқу орындары – Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған Университеті, медициналық, гуманитарлық, музыкалық, политехникалық, бизнес және көлік  колледжі, орта мектептер,С. Қожамқұлов атындағы сазды драма театры, Т. Қалмағанбетов атындағы филармония, тарихи-археологиялық музей, Қ.Сәтбаев атындағы музей-көрме кешені, кітапханалар, Достық және мәдениет үйі, «Ұлытау» спорт сарайы, «Металлург» стадионы, өнер мектебі, Т.Әубәкіров атындағы оқушылар сарайы, «Дидар» телеканалы ерекше орын алады. Ахмет Ишан атындағы қалалық мешіт пен апостол Андрей Первозванный шіркеуі жұмыс істейді.

 

Жезқазған – достық мекені

 

Қалада 100-ден аса ұлт тату-тәтті өмір сүруде. Орыс, неміс, корей, татар-башқұрт, украин-белорус ұлттық-мәдени орталықтары жұмыс істейді.

 

***************************************************************