2017 жылы 18 қазанда Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде Алматы қаласының РМК «Ғылым ордасы» Табиғат музейінің ғылыми қызметкерлерімен «Қазақстанның мәдени мұрасы: «Палеонтологиялық жәдігерлерді сақтау және қалпына келтіру әдістері» атты кездесу өтті. Алматыдан келген қонақтар музейдің мәжіліс залында шеберлік сыныбын өткізді. Бұл шара Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өтті.
2017 жылы 16 тамызда Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің мәжіліс залында Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында А.Х.Марғұлан атындағы Археология Институтының археологтарымен «Сарыарқа – дала өркениетінің алтын бесігі» атты кездесу өтті.
Толық оқу: Баспасөз мәліметі. «Сарыарқа – дала өркениетінің алтын бесігі».