
2019 жылы 9 қазанда Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайындағы көрме залында «Ұлытау – ұлт ұлағаты» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Көрменің ұйымдастырушылары – Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің ұжымы мен Шынболат Ділдебаев көрме залының басшысы, ақынның жары Гүлсара Ділдебаева.