2020 жылдың 27 қарашасында Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде қазақ ұлтының этнографиясын таныту мақсатында XIX ғ. аяғы XX ғ. бас кезіндегі қазақтың қыз балаларының негізгі ойыншығы – қуыршақтарға арналған «Қазақ қуыршағы: жасалу техникасы»аттыкөрме, шеберлік сабағы өтті.Қазақ қуыршақтары туралы тарихи-этнографиялық деректерді дайындаған музейдің ғылыми қызметкері Эльвира Мухамедина мен қуыршақтардың шеберлік сабағын өткізген экспозиция бөлімінің суретші-безендірушісі, қолөнер шебері Сәбира Өткелова.