2018 жылы 17 қаңтарда Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің мәжіліс залында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауын музей ұжымының қатысуымен талқылау өтті.
Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің басшысы Раушан Қапарова, тарих және археология бөлімінің меңгерушісі Ғабдол Әуезов, музейдің аға ғылыми қызметкері Бекзат Балтабеков – жолдаудың негізгі бөлімдеріне нақтырақ тоқталды.
2018 жылдың қаңтар айының басында мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған жолдауын жариялады. 10 міндет жүктелген жолдауда тарихи сын-қатерлерге төтеп беру жолдары мен біртұтас ұлт болып дамудың мүмкіндіктері көрсетілген.
15 қаңтар – 15 мамыр аралығында Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде «Тарихта өз атыңды қалдыр» атты акциясы өтеді. Құрметті жезқазғандықтар, сіздерден осы акцияға қатысып, музейге көне және сирек кездесетін жәдігерлер өткізулеріңізді сұраймыз! Толығырақ мәлімет: 73-77-53