Қарағанды облысының мәдениет басқармасы
«Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы көрме залымен» КМҚК

2022 жылы 25 наурызда Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде «Тарихта өз атыңды қалдыр» атты акциясы аясында әнші, сазгер, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Жақсыкелді Сейіловтің жеке заттарын музей қорына қабылдау мақсатында «Текті тұлға, бекзат болмыс» атты іс-шара өтті.Жақсыкелді Сейілов (1949-1997) – «Қаракөз» вокалды-аспапты ансамблін ұйымдастырушы. Жезқазған облыстық зағиптар қоғамының төрағасы. «Жезкиік», «Байқоңыр», «Ән – көңілдің ажары» ансамбльдерінің музыкалық көркемдеушісі. 
 
Іс-шараға Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаров, Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларынан келген қонақтар – мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі өнертанушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Алматы қаласының Құрметті азаматы Мәди Артығалиев, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, ҚР Ақпарат саласының үздігі Әли Тойжігіт, Қазақстан Республикасы Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Қырғыз Республикасының мәдениет қайраткері, ҚР Ақпарат саласының үздігі Әшмұхан Жампейісов, Ж.Сейіловтің туысқандары, әріптестері, мәдениет және өнер саласының қызметкерлері, БАҚ өкілдері мен музей қызметкерлері қатысты.
Қонақтарға шашу шашылып, дәм-тұз ұсынылды. Іс-шараның салтанатты ашылуының алғы сөз кезегі Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаровқа берілді. Қатысушылар назарына Жақсыкелді Сейіловтің өмірі мен шығармашылығына арналған бейнесюжет ұсынылды. 
Жезқазған тарихи-археологиялық музейі жыл сайын дәстүрлі түрде «Тарихта өз атыңды қалдыр» атты акциясын ұйымдастырып келеді. Осы акция аясында Ж.Сейіловтің қолданған заттарын музей қорына  салтанатты түрде тапсыру мақсатында Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларынан қонақтар келді.  Жақсыкелді Сейіловтің баянын, дипломатын Мәди Артығалиев пен Әли Тойжігіт табыс етті, сөз сөйледі. Экспонаттарды музей қорына музейдің бас қор сақтаушысы Шарапат Әуелова қабылдап алды. Ж.Сейіловке арналған көрме бойынша экскурсияны музейдің ғылыми қызметкері Ақнұр Рахметова жүргізді.
 
Әрі қарай іс-шара барысында сөз сөйлеген қонақтар:
ҚР Ақпарат саласының үздігі Әшмұхан Жампейісов;
Қарағанды облысының Құрметті азаматы, «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Бүкіров;
Т.Қалмағамбетов атындағы филармонияның әншісі, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Ғалым Мұхамедин;
Ширек ғасыр Жезқазған музыкалық училищенің басшысы болған Қуандық Стамбакиев;
ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Береке Көшенов;
«Мысты өңір» газетінің директор-бас редакторы Төлеш Асанов;
Т.Қалмағамбетов атындағы филармонияның басшысы Нұрлан Хамзин;
 
Қатысушылардың разылығына бөленіп, әннен шашу шашқан өнерпаздар:
Ғалым Мұхамединнің орындауында «Жезкиік» әні;
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Зәуреш Омарованың орындауында «Достық сағыныш» әні;
Т.Қалмағамбетов атындағы филармонияның әншісі, Ж.Сейілов атындағы Республикалық сайыстың лауреаты Асхат Сағындықовтың орындауында «Неге солай?» әні;
Т.Қалмағамбетов атындағы филармонияның әншісі Әділет Әбілбайдың орындауында «Кездесу» әні; 
Береке Көшеновтің орындауында «Ұлытауым» әні.
Шара соңында музей басшысы Раушан Қапарова сөз сөйлеп, қонақтарға Алғыс хат табыстады. Қарағанды облысының Құрметті азаматы Төлеген Бүкіров – ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Әшмұхан Жампейісовке «Кетбұқа» медалін табыстады.