Қарағанды облысының мәдениет басқармасы
«Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы көрме залымен» КМҚК

2021 жылы 23 қарашада Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай антиядролық қозғалыстың белсендісі, АТОМ жобасының Құрметті елшісі және Нобель сыйлығының номинанты, суретші Кәріпбек Күйіковтің «Қылқалам ұшындағы құдірет» атты көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Іс-шараның шымылдығы халықаралық және республикалық конкурстардың жүлдегері,  Жезқазған музыкалық колледжінің, «Вива» ансамблінің «Жастар» студенттік хорының «Non noise Domine» әнін орындауымен түрілді. Көркемдік жетекшісі – қала әкімінің «Үздік көркемдік жетекші» номинациясының иегері Марина Павлова. 
 
Суретшінің қорындағы материалдардан музей қызметкерлері арнайы дайындаған бейнесюжет қатысушылар назарына ұсынылды. 
Алғашқы сөз кезегі Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаровқа берілді. Қайрат Бектайұлы Кәріпбек Телтайұлына Алғыс хат табыстады.
Көрменің ашылуына келіп, құттықтау сөз сөйлегендер:
Қарағанды облысының Құрметті азаматы, «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Бүкіров; 
Жезқазған қаласы бойынша «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС әлеуметтік-еңбек қатынастары басқармасының басшысы Сабыржан Тембаев;
Ақын, өлкетанушы Бағдат Байжантаев.
Қарағанды облысының Құрметті азаматы Төлеген Нұрмағанбетұлы К.Күйіковке «Кетбұқа» атындағы төсбелгіні табыстады.
Музей басшысы Раушан Қапарова суретші Кәріпбек Күйіковке арнайы дайындалған естелік сыйлықтарды табыс етіп, көрменің ашылуымен құттықтады және алғысын білдірді. 
Іс-шара соңына қарай «Вива» ансамблінің «Жастар» студенттік хоры «Туған елім» әнін орындады. 
Көрменің лентасын қию рәсімін Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова, суретші Кәріпбек Күйіков, «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Бүкіров жасады.
 
 
 
 
 
 
 
 

2021 жылы 23 қарашада Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай антиядролық қозғалыстың белсендісі, АТОМ жобасының Құрметті елшісі және Нобель сыйлығының номинанты, суретші Кәріпбек Күйіковтің «Қылқалам ұшындағы құдірет» атты көрмесінің ашылу рәсімі өтті.