2021 жылы 19 наурызда Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде «Шымырлық пен шеберлік күні» аясында қолөнер шебері, музейдің экспозиция бөлімінің суретші-безендірушісі Сәбира Өткелованың«Кимешек – ұлттық қасиетті бас киім» атты шеберлік сабағы өтті.
Шара барысында 1980-90 жж. этнографиялық экспедицияда жинақталған кимешектер коллекциясы дефиледе көрсетілді. Шеберлік сабақта балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығындағы «Сәндік қолданбалы және көркемөнер бөлімінің» меңгерушісі Бибігүл Сатымбекова, №8 гимназияның көркем еңбек және графикалық жобалау пәнінің оқытушысы Алтынай Ташимова, музей басшысы Раушан Қапарова сөз сөйледі.
Шеберлік сабаққа бизнес және көлік колледжінің студенттері, №8 гимназияның оқушылары, «Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының» оқушылары және музей қызметкерлеріқатысты.
Сәбира Өткелова – музейдегі ұлттық киімдерді, бұйымдарды заманауи технологияларды пайдалана отырып жасайды. «Қазақ хандығының құрылу тарихы» атты жаңа экспозицияның ашылуына ат салысқан. Музейде Алтын адамның көшірмесін жасағанда, киімін тігіп, өзіндік үлесін қосқан.