Қарағанды облысының мәдениет басқармасы
«Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы көрме залымен» КМҚК

«Көне ұлттық музыкалық аспаптардың
 
жасалу әдісі» шеберлік сабағының мәліметі 
 
2021 жылы 17 наурызда Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде «Тарихқа тағзым күні» аясында Т.Қалмағамбетов атындағы филармонияның қызметкері, реставратор Азамат Бақияның «Көне ұлттық музыкалық аспаптардың жасалу әдісі» атты шеберлік сабағы өтті. 
Мақсаты: оқушыларды қазақтың ұлттық аспаптарымен және олардың жасалу техникасымен таныстыру, аспаптық музыкаға деген қызығушылықтарын ояту. Шеберлік сабаққа «Жас өлкетанушы», «Жас экскурсовод» үйірмелерінің қатысушылары, «Өнер» мектебінің, «Жезқазған қаласының мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар және жасөспірімдер» мектебінің оқушылары қатысты.
 
Азамат Бақия жұбайы Айжан Құрақпен «Аққу», «Ерден» күйлерін және «Балапан қаз», «Алтыныма» әндерін орындап, қатысушылардың ыстық ықыласына бөленді. 
Шара барысында көне ұлттық аспаптардың тарихы мен техникасы жайлы айтылды, сазсырнайдың жасалу технологиясы көрсетілді. 
Іс-шара соңында музей басшысы Раушан Қапарова сөз сөйлеп, Азаматқа естелік сыйлықтар табыс етті.
Азамат Бақия – музыкалық аспаптардың жасалу технологиясын зерттеуші, дәріптеуші, әуесқой шебер. Жезқазған қаласындағы «Өнер» мектебінде, музыкалық колледжде, Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында оқыған.