Қарағанды облысының мәдениет басқармасы
«Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы көрме залымен» КМҚК

17 наурыз – Тарихқа тағзым күні

 «Алаш арыстарының асыл мұрасы» тақырыптық экскурсиясы
2021 жылы 17 наурызда Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде «Алаш арыстарының асыл мұрасы» тақырыптық экскурсиясы өтті.
Тақырыптық экскурсия Алаш зиялыларына қатысты зерттеушілердің деректері келтірілді. Алаш арыстарының жеке тұлғаларына тоқталып, олардың қоғамдық, саяси, мәдени еңбектері баяндалды. Еліміздің дамуына және оның қалыптасуына үлестерін қосқан XX ғасырдың ұлт зиялыларын еске алу және олардың өнегелі өмір жолдарын насихаттау. 
Тақырыптық экскурсия барысында «Алашорда» кітабының «Абақты» бөлімінде келтірілген деректер, фактілер айтылып, «Алаш туы астында» деректі фильмінің үзіндісі қатысушылар назарына ұсынылды.  
  Алаш зиялыларының өмірі мен қызметіне арналған «XX ғ. I-II жартысындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі», «Алаш автономиясы 1917-1920 жж.» атты экспозиция алдында музейдің аға ғылыми қызметкері Эльвира Мухамедина сөйледі.  
Оқушылар «Тұлғаны таны» шығармашылық тапсырмасын орындады және экскурсия соңында толғандырған сұрақтарға жауаптарын алып, тақырып бойынша білімдерін ұлғайтты.