Қарағанды облысының мәдениет басқармасы
«Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы көрме залымен» КМҚК
2021 жылы 12 ақпанда Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің көрме залында Қазақстан Республикасының 30 жылдығы аясында білім беру саласының озық қызметкері, ұлағатты ұстаз, еңбек ардагері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Ұлытау-Жезқазған өңіріне танымал фототілші, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы Түбеков Бекет Ахметұлына (1936-2007 жж.) арналған «Елінің елеулі азаматы: ұрпаққа үлгі» атты көрменің ашылуы өтті.
«Елінің елеулі азаматы: ұрпаққа үлгі» жобасының ерекшелігі: Ұлытау-Жезқазған өңірінің дамуына және оның қалыптасуына қажырлы еңбек еткен Ұлы даланың ұландарын еске алу және оларды ұлықтау. 

Толық оқу: «Елінің елеулі азаматы: ұрпаққа үлгі»

2021 жылдың 18 қаңтарында Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде  ер жігіттің «Бес қаруының» бірі, мергендік спорттың түрі – садақ ату өнері жайлы шеберлік сабағы өтті.Шеберлік сабақты садақ атудың шебері, жаттықтырушы, ұлттық өнерімізді дәріптеуші Ералиев Мейірімхан Сейілханұлы өткізді.   

Шеберлік сабаққа «Жас өлкетанушылар» үйірмесінің оқушылары, музей қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында жас өлкетанушыларға ерте заманнан бүгінге дейінгі садақ ату өнері, садақтың, жебенің  қарапайым, күрделі түрлері, садақшының техникасы туралы айтылды. Мейірімхан Сейілханұлы қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, өзінің шәкірттерімен бірге алаңда нысанаға ату техникасын көрсетті. Жас өлкетанушылар да өз күштерін сынап көрді.

       Садақ ату, ат үстінде жебе тарту аса бай тарихымыздың маңызды бөлігі,   сондықтан ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, ұлықтай білейік! Шымыр да шыныққан жастарымыз көп болсын!

 

Толық оқу: «Садақ ату өнері» шеберлік сабағының мәліметі